Ірімшік пен сүзбе өндірісі артып, импорт пен экспорт та азайды

Ірімшік пен сүзбе өндірісі артып, импорт пен экспорт та азайды

2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8% өсті. Биыл қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың тоннаға көп.

Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1% азайып, 9,4 мың тоннаны құрады (2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған). Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2%-ы.

Экспорт 20,2% қысқарған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды.

Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен.