Ірі бизнес биыл несие алуды көбейтті

Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы мамырда бизнеске кредиттердің өсуі есебінен 1,5%-ға ұлғайып, 41,3 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 2,7%-ға өсті).

Ұлттық валютадағы кредиттер 0,7%-ға 37,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде ұлттық валютаны қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасындағы кредиттер 10,1%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы нәтижесінде 2026 жылғы 1 маусымда 90,1%-ды құрап, 0,7 пайыздық тармаққа азайды.

2026 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,1 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңі деңгейінде сақталып отыр.

Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі шетел валютасындағы кредиттердің 12,9%-ға өсуіне байланысты (2026 жылдың басынан бастап 9,2%-ға төмендеу) 2026 жылғы мамырда негізінен ірі бизнес қарыздарының 6,6%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2,9%-ға 15,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 2,3%-ға төмендеді). 2026 жылғы мамырда ШОБ қарыздары 1,5%-ға 7,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 10,4%-ға өсті).  Өз кезегінде ДК қарыздар портфелі 2026 жылғы мамырда 1,0%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,2%-ға өсті).

2026 жылғы мамырда көлік пен байланысты қоспағанда, экономиканың барлық негізгі салаларында қарыздар портфелінің өсуі байқалады, оларда тиісінше 1,9% және 0,2% төмендеу тіркелді. Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 5,0%-ға 5,3 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 0,4%-ға 501 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 1,3%-ға 840 млрд теңгеге дейін, саудада – 0,8%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін, жылжымайтын мүлік бойынша операцияларда – 0,5%-ға 880 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 6,2%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2026 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 10,3%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда 33,5%-ға артық.