Автор: Жания Әбдібек; дизайнер: Айым Жаныбекова
Қазақ халқының дүниетанымында «Жеті қазына» бақыт пен байлықтың көзі ретінде саналады. Заман өзгерсе де, бұл ұғым әлі маңызын жойған жоқ. Қазіргі таңда табысты және қаржылай тәуелсіз болу бұрынғыдан да өзекті. Бақуат өмір сүргісі келетін адам саналы түрде инвестиция жасап, әр тарапты табыс көзін құра білуі тиіс.
Freedom Broker инвесторларға «Қаржының 7 негізі» атты арнайы жоба ұсынады. Аты айтып тұрғандай, бұл жобада қаржылық еркіндікке жетелейтін жеті қаржы құралы бар. Бұл әйгілі «портфель теориясының» авторы Гарри Марковецтің «барлық жұмыртқаны бір себетке салма» деген алтын ережесімен үндеседі.
«Қаржының 7 негізі» жобасында өсетін активтер, инновациялық компаниялар, дивиденд беретін акциялар, жаһандық әртараптандырылған компаниялар, нақты активтер, тұрақты қағаздар секілді жеті негізгі құрал ұсынылған. Әрбір құралдың техникалық сипаттамасы, тарихи кірістілігі туралы ақпаратты төмендегі инфографикадан таба аласыз.