2026 жылдың I тоқсанында интернет алачқтыққа қатысты қылмыстарды тіркеу жылдық есепте15% азайып, 5,3 мың жағдайды құрады. Бұл соңғы төрт жылдағы алғашқы төмендеу — бұған дейін үш жыл қатарынан көрсеткіш өсіп келген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәләмдеді.

Жалпы жағдай әдеттен тыс: 2019 жылдан бергі деректер бойынша қаңтар–наурыз қорытындысында көбіне өсім тіркелетін. Ерекшелігі — көрсеткіштің төмендеуі өткен жылғы күрт өсімнен кейін байқалды: 2025 жылдың I тоқсанында өсім 23% болған, ал жыл қорытындысы бойынша +26% тіркелген.

Толығырақ айтсақ, қазіргі төмендеуге негізінен онлайн-қарыз рәсімдеу арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың азаюы әсер етті — мұндай жағдайлар бір жылда үш есе қысқарып, 0,5 мыңға жеткен. Сондай-ақ интернетте қызмет көрсету туралы жалған хабарландырулар арқылы жасалатын алаяқтық 20% азайып, 1,1 мың болды. Ал жалған банк атынан SMS жіберу арқылы жасалатын алаяқтық деңгейі өзгермей, 1 мың жағдай деңгейінде қалды. Айта кету керек, дәл осы түрі 2025 жылы жалпы көрсеткіштің өсуіне ең көп әсер еткен (бір қылмыс бірнеше санатта есепке алынуы мүмкін).

2026 жылдың алғашқы үш айында тіркелген 5,3 мың интернет-алаяқтықтың 721-і бойынша іс аяқталған, оның ішінде 634-і сотқа жолданған. 1,5 мың іс бойынша күдікті анықталмағандықтан тергеу тоқтатылған. Ал 1,1 мың іс айыптаудың негізсіздігі немесе қайталануы себепті есептен шығарылған.