2025 жылдың ақпаны жағымсыз тосынсый болды: инфляция 9,4%-ға дейін (қаңтарда 8,9%) дейін күрт жеделдеді. Бұлай өсуге негізгі қозғаушы күш бірден 14,1% қымбаттаған ақылы қызметтер болды. Ең көп өсім коммуналдық қызмет тарифтерінде (+24,9%) тіркелді.
- Азық-түлік өнімдері: 6,5%
- Азық-түлік емес тауарлар: 8,7%
- Ақылы қызметтер: 14,1%
«Айлық көрсеткіште инфляция 1,5% ұлғайды. Бұл болжамнан жоғары: BCC Invest сарапшылары қызмет көрсету саласындағы баға өсімінің баяулауына сеніп, 8,8% болады деп болжаған. Бірақ жағдай басқаша болып шықты», — деп жазады BCC Invest.
Осы жұмада Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша жиын өткізеді. Инфляцияның үдеуін тежеу үшін бас банк базалық мөлшерлемені көтеруі әбден мүмкін.
Инфляцияның күрт өсуіне доллар бағамының көтерілуі ықпал еткен болуы тиіс.