Инфляция 10,7%: әсіресе Астана айналасында қымбатшылық қатты

Инфляция 10,7%: әсіресе Астана айналасында қымбатшылық қатты

Республикадағы инфляция 2025 жылғы сәуірде бір жылда 10,7% (2025 жылғы наурызда – 10%), бір айда – 1,2% құрады (өткен айда – 1,3%).

Баға ақылы қызметтерге бір жылда 15,7% (2025 жылғы наурызда – 14,3%), азық-түлік емес тауарларға – 8,9% (2025 жылғы наурызда – 9,1%), азық-түлік тауарларға – 8,5% өсті (2025 жылғы наурызда – 7,6%).

Өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 89,1%, су бұруға – 23,5%, орталықтан жылытуға – 18,7%, қоқыс шығаруға – 16,2%, ыстық суға – 14,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,3%, электр энергиясына – 11,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 10,3% өсті.

Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 70,1%, байланыс қызметтеріне – 15,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15%, санаторийлер қызметтеріне – 14,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,3%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 13,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 12,7% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 24,7%, қалалық автобуспен – 11,1%, жолаушылар әуе көлігімен 9,6% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.

Баға деңгейі зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 27,7%, жаңа жеңіл автомобильдерге – 27,1%, дыбыс-бейне шолу жабдығына – 23,6%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 14,1%, киім және аяқ киімге – 11%, ірі тұрмыстық керек-жарақтарға – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10,3% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 23,6%, ағаш 14,6% қымбаттады.

Бағаның өсуі картопқа – 79%, басты пиязға – 63,8%, қырыққабатқа – 46,8%, күнбағыс майына – 20,8%, минералды және ауыз суға – 16,8%, банандарға – 16,7%, қызанақтарға – 14,1%, кондитерлік өнімдерге – 13,5%, сиыр етіне – 13,2%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 12,7%, салқындатылған сусындарға – 12%, сары май, қамырдан жасалған өнімдерге – 11,4%-дан, қой еті, балық және теңіз өнімдеріне – 11,1%-дан, жеміс және көкөніс шырындарға – 10,6%, қиярларға 10% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 15,1%, күрішке – 6,9% жұмыртқаларға 5,6% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы сәуірде инфляция орташа республикалық деңгейден асатын бес өңірде қалыптасты, олардың ішінде ең жоғары – Астана қаласында (13,8%), Қарағанды (12,8%), Ақмола (11,8%) облыстарында.