Huawei компаниясының тарихына арналған «Huawei. Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық» атты алғашқы кітаптың қазақ тілді нұсқасы таныстырылды. Кітап Huawei компаниясының қалыптасуының негізгі кезеңдерін, компанияның менеджмент пен инновацияға деген көзқарастарын, сондай-ақ технологиялардың дамуы мен олардың заманауи әлемге әсерін сипаттайды.
Кітаптың аудармасы білім беруді қолдауға және қазақ тіліндегі техникалық ақпараттың қолжетімділігіне бағытталған Huawei компаниясының ауқымды бастамасының бір бөлігі. Компания студенттер мен оқытушылардың заманауи технологиялар мен білімге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, жергілікті университеттермен және ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастықта.

«Huawei әрқашан білім мен технологияларды, әсіресе елдің одан әрі дамуының кілті саналатын салаларда локализацияны қолдауға ұмтылады. Бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы – қазақ тіліндегі техникалық әдебиеттер мен оқу ортасын дамытуға қосқан үлесіміз. Біз кітабымыздың қазақ тілінде қолжетімді болғанын мақтан тұтамыз және ол инженерлер мен IT мамандардың жаңа буынын шабыттандырады деп сенеміз», — деді Huawei Technologies Қазақстан қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Ша На.
Баспа авторларының айтуынша, кітап сторителлиң түрінде жазылған. Оның ішінде компанияның әр қадамын, философиясын, құндылықтарын, даму жолын, стратегиясын, басшылар қалай шешім қабылдағаны айтылған.
«Қазақ тілі әлемдік технологиялардың тіліне айналып, оған бейім екенін дәлелдеді… Осындай («Huawei Көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, ашықтық» кітабы — ред.) кітаптардың, жасанды интеллектінің қазақ тілінде сөйлеуінің өзі тілдің өміршеңдігін және үлкен құндылығымыз екенін көрсетіп отыр», — деді Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай.
Айта кетейік, 2023 жылы елімізде «Coursera» білім беру платформасының курстарын қазақ тіліне аудару жұмыстары басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатовтың айтуынша, жасанды интеллект тақырыбында Coursera платформасындағы үш курс қазақ тіліне аударылып жатыр.
Huawei кең аудиторияға соңғы жетістіктер мен технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін білім беру бастамаларын қолдауға және қазақ тілінде білімді таратуға ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстандағы жобаларын белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.