Халыққа берілген несие 2024 жылғы қазанда 1,8% ұлғайып, 19,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан 18,7% өсім). Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,0%, 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,9 трлн теңгеге дейін 1,4% өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 10 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,4% артық.
Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бастап нарықтық шарттарда 555,4 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,3% артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-дан 35,4%-ға дейін өсті.
2024 жылғы қазанда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі негізінен тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелерді 20,6%-дан 19,7%-ға дейін төмендету есебінен 18,8%-ға дейін (2024 жылғы қыркүйекте – 20,1%) төмендеді.
Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.11.2024ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 3,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені (01.01.2024ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құрап, бір ай бұрынғы 3,2%-дан ұлғайды. 01.11.2024ж. халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 3,9%-ды немесе 777 млрд теңгені құрады (01.10.2024ж. – 3,9% немесе 759 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,4% немесе 320 млрд теңге (01.10.2024ж. – 2,3% немесе 315 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 68,9%-ды құрап, тұрақты болып сақталуда (01.01.2024 ж. – 75,9%).