Халыққа берілетін кредиттер портфелі 2026 жылғы мамырда 0,7%, 25,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,8%-ға өсті), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 0,5%-ға 17,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,5%-ға өсті), ипотекалық қарыздар - 1,5%-ға 7,3 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 5,3%-ға өсті).
2026 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі ірі бизнеске кредиттер бойынша мөлшерлеменің 19,5%-дан 20,0%-ға дейін өсуі есебінен 0,3 п.т. 22,3%-ға дейін ұлғайды. Халыққа берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 23,0%-дан 23,2%-ға ұлғаюы нәтижесінде 21,4%-ға дейін (2026 жылғы сәуірде – 21,2%) ұлғайды.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторында төлем мерзімі 90 күннен астам берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 4,2%-ын немесе 1,9 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,9%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,3%-ды немесе 616 млрд теңгені құрады.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 61,0%-ды (01.05.2026ж. – 62,1%) құрайды.