Микроқаржы ұйымдары активтері биыл II тоқсанда 10,9% немесе 345 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3,5 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюына негізінен кредиттік серіктестіктердің несие портфелінің өсуі себеп болды.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына — 1 936 млрд теңге немесе 55,1%, кредиттік серіктестіктерге — 1 121 млрд теңге немесе 31,9%, ломбардтарға — 458 млрд теңге немесе 13,0% тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2025 жылғы II тоқсанда негізінен жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер есебінен 9,3%, 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2025 жылғы II тоқсанда заңды тұлғаларға берілген кредиттік серіктестіктердің микрокредиттері есебінен 12,3%, 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. МҚҚЖҰ секторында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі 60,9% жетті.
Халыққа берілген микрокредиттер негізінен микроқаржы ұйымдары мен ломбардтар берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 2025 жылғы II тоқсанда 5,0%, ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.
МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2025 жылғы 1 шілдеде 5,0%-ды құрады (01.01.2025ж. – 4,6%). Халықтың портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 6,4%-ды (01.01.2025ж. – 6,0%) құрады.
2025 жылғы II тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері басқа да міндеттемелердің өсуі есебінен 10,1%, 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 67,9%-ын немесе 1,6 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен тоқсан ішінде 12,4% ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,2 млрд теңгені құрады.
2025 жылғы II тоқсанда анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша, МҚҚЖҰ-ға қатысты 179 әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде 78,5 млн теңге сомаға 135 хаттама және 23 ескерту жасалды, жазбаша ұйғарым түріндегі 16 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, сондай-ақ 90 күнге дейінгі мерзімге 4 лицензияның қолданысы тоқтатылды және 1 МҚҰ лицензиядан айырды.