Халықтың депозиттегі ақшасы жан басына шаққанда 1,1 млн теңге

Халықтың депозиттегі ақшасы жан басына шаққанда 1,1 млн теңге

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылы негізінен заңды тұлғалардың салымдарының 22,1%-ға өсуі есебінен 18,1%, 52,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлес – 80,7% немесе 42,5 трлн теңге клиенттердің салымдарына тиесілі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 19,1%, 41,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері 19,9%, 22,6 трлн теңгеге дейін (жан басына шаққанда 1,1 млн теңге — ред.), заңды тұлғалардың депозиттері 18,2%, 18,7 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 20,3%, 32,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында – 15,2%, 9,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде, долларлану деңгейі 2025 жылғы 1 қаңтарда 22,5%-ды құрап, төмендеуін жалғастыруда (2024 жылғы 1 қаңтарда - 23,2%).  

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлемесі 2024 жылғы желтоқсанда 14,0%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,2%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 13,7%) құрады.