Халықтың 90 күннен бері қайтара алмай жүрген несиесі 1 трлн теңгеге жақындады

Халықтың 90 күннен бері қайтара алмай жүрген несиесі 1 трлн теңгеге жақындады

Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы маусымда тұтынушылық қарыздардың 2,6%, 15,3 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%, 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2,1% ұлғайып, 22,6 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 9,1% өскен).

2025 жылғы маусымда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,5%-ға (2025 жылғы мамырда-21,4%) дейін төмендеуіне байланысты 18,4%-ды құрап (2025 жылғы мамырда - 21,4%), 1,5 п.т. қысқарды.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 2025 жылғы мамырдағы деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 4,3%-ды немесе 976 млрд теңгені, бизнес кредиттері бойынша – 2,2%-ды немесе 343 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 65,9%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).