Халық пен бизнестің несиесі бір жылда 22,3% ұлғайды

Халық пен бизнестің несиесі бір жылда 22,3% ұлғайды

Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3% ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 54,0%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.

Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6% өсіп, 18,8  трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 23,7%, 22,1 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%, 36,8  трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64,0%, 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюта курсының өзгеруі есебінен). 

Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-н құрады.