Халық күніне орташа есеппен 200 грамм жеміс жейді

Халық күніне орташа есеппен 200 грамм жеміс жейді

2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда тоқсанына орта есеппен 18 кг құрады (күніне 200 гр). Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% жоғары (17,2 кг). 

Қалалық жерлерде жемістерді тұтынудың орташа көрсеткіші 19,5 кг болса, ал ауылдық жерлерде 15,5 кг құрады.

Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Алматы тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 23,6 кг. Үздік үштікке Астана (23,3 кг) және Солтүстік Қазақстан облысы (20,8 кг) енді. Жемістерді ең аз тұтынған аймақтар Абай облысы (13 кг) және Шымкент қаласы (12,3 кг) болды. 

Жемістердің ішінде 2024 жылдың IV тоқсанында алма көп тұтынылды - жан басына шаққанда/тоқсанына 4,6 кг. Екінші және үшінші орындарда банан (1,6 кг) және мандарин (1,5 кг) жемістері орналасқан. Сондай-ақ, жүзім (1,3 кг) және құрма (0,8 кг) жемістерін де айтарлықтай тұтынылған.

Сонымен қатар, 2024 жылдың IV тоқсанында үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,6%) тиесілі. 

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Жетісу, Жамбыл облыстарында, Алматы қаласында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалады.