Халық 943 млрд теңге несиені 90 күннен артық төлей алмай жүр

Халық 943 млрд теңге несиені 90 күннен артық төлей алмай жүр

Халыққа берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 1,9%, 14,9 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,7%, 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы мамырда 1,8%, ұлғайып, 22,1 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 6,9% өсім).

2025 жылғы мамырда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,9%-ды құрады.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі 2025 жылғы сәуірдегі деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Халыққа берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,3%-ды немесе 943 млрд теңгені, бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,2%-ды 340 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 66,8%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).