Халық 281 млрд теңге микронесиені қайтара алмай жүр

Халық 281 млрд теңге микронесиені қайтара алмай жүр

2026 жылдың басындағы дерек бойынша, Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының жалпы несие портфелі 1,5 трлн теңгеден асты. Оның 1,29 трлн теңгесі (немесе 86%-ы) — қарапайым азаматтардың тұтынушылық қарыздары, ал бизнеске берілетін несиелер үлесі өте аз. Бұл мәліметтер Қазақстан Ұлттық Банкі статистикасынан алынған.

Бір жылда берілген микронесиенің жалпы көлемі 3,1% немесе 48 млрд теңгеге азайды, ал жеке тұлғаларға берілген қарыз 0,38% немесе 5 млрд теңгеге төмендеді.

Жеке тұлғалардың 281 млрд теңгеден астам қарызы қазірдің өзінде мерзімі өткен берешекке айналған. Көрсеткіш 3,77% көбейген. Оның ішінде 77,6 млрд теңге — төлемі үш айдан астам кешіктірілген проблемалық қарыздар. Бұл бір жылда 14% азайып отыр.