Халыққа берілген несие шілдеде 1,9% ұлғайып, 23,0 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 11,2% өсім). Халыққа берілетін несие құрылымында кепілсіз тұтынушылық қарыздардың өсуі есебінен (2025 жылдың басынан бастап 13,8% өсім) тұтынушылық қарыздар 2,2%, 15,7 трлн теңгеге дейін өсті.
Ипотекалық несие нарықтық ипотекалық портфельдің 1,9%, 2,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 1,5%, 6,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 6,3% өсім).
2025 жылғы шілдеде жаңа ипотекалық қарыз беру 214 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5% көп.
2025 жылғы шілдеде халыққа ұлттық валютада берілген несие бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлеме 20,2%-ды құрады.
Несие портфелінің сапасы тұрақты болып қалып отыр. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғы 3,4% салыстырғанда шамалы өсті.
Бизнес кредиттерінде NPL90 + қарыздардың үлесі 2,2%-ды немесе 351 млрд теңгені құрады (01.07.2025ж. – 2,2%). Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілде айында халыққа берілген кредиттер бойынша проблемалық берешектің өсуі байқалады, оның үлесі 4,3%-дан 4,5%-ға дейін 1 033 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 64,9%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).