Halyk Bank 2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады.
- банк активі 19,7% өсіп, 18,5 трлн теңгеге жетті;
- несие портфелі 23,51% өсіп, 11,4 трлн теңге болды;
- меншікті капитал 23,86% ұлғайып 3 трлн теңгеге жетті;
- таза пайда 32,8% көбейіп, 920,9 млрд теңге болды.
Банк акционерлеріне бір акцияға 29,64 теңге, жалпы сомасы шамамен 322 млрд теңге дивиденд төлеу ұсынылады. Бұл мәселе 30 сәуірде акционерлер жиналысында қаралады.
Салыстыру үшін айта кетейік, 2023 жылға банк екі траншпен 381,6 млрд теңге төледі – 2024 жылдың желтоқсанында бір жай акцияға 9,57 теңге (барлығы 104 млрд теңге) және шілдеде 25,43 теңге (277,3 млрд теңге) төледі.
Банктің 56,39% үлесі бар негізгі акционері Тимур мен Динара Құлыбаевтардың АЛМЭКС холдингінк, 22,89% The Bank of New York (номиналды ұстаушы) банкіне тиесілі.