Halyk Bank I тоқсанда 275 млрд теңге таза пайда тапты

Halyk Bank I тоқсанда 275 млрд теңге таза пайда тапты

Halyk Bank I тоқсандағы негізгі көрсеткіштерін жариялады.

  • банктің таза пайдасы 275 млрд (бір жыл бұрынғыдан +54,5%) құрады;
  • Банк активтері 18,9 трлн теңгеге жетті (2025 жылдың басынан бері +1,7%);
  • жеке тұлғалар депозиттердің көлемі 0,7% (–52,7 млрд теңгеге) азайып, 7,1 трлн теңге болды;
  • заңды тұлғалар депозиті 0,6% (+31,9 млрд теңгеге) ұлғайып 5,9 трлн теңгеге жетті;

Несие портфелі 0,2%, 11,4 трлн теңгеге дейін қысқарды, бұл негізінен заңды тұлғалар қарызының 0,1% төмендеуіне байланысты. Жеке тұлғалар несиесі +2,3% ұлғайды.

Портфелдегі проблемалық несиелердің үлесі 6,3%-дан 6,8%-ға дейін өсті. Бұл жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий жариялауымен байланысты.