Halyk Bank, ЦентрКредит банкі және Нұрбанк қайталама нарықтағы тұрғын үй ипотекасына өтініш қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Қазақпарат. Қазіргі уақытта бұл банктер техникалық жұмыстар жүргізіп, жаңа тарифтер белгілеуде, деп хабарлады операторлар.
Агенттіктің хабарлауынша, Altyn Bank пен Freedom Bank әдеттегідей жұмысын жалғастыруда.
Ад басқа банктер туралы мәлімет жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ипотеканың жылдық тиімді мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Заң 15 маусымда күшіне енді, соған байланысты бірқатар банктер қайталама тұрғын үй үшін ипотекаға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты.
Аталған заңның нарыққа қалай әсер ететінін бұған дейін жазған едік.