Halyk Bank клиенттерге пәтер немесе үй сатып алуға жүйелі түрде қаражат жинап баспана алуға мүмкіндік беретін жаңа SHANYRAQ тұрғын үй жинақ салымын іске қосты.
SHANYRAQ бағдарламасы аясында клиент алдымен қаражат жинайды, кейін белгіленген талаптарды орындаған соң жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.
Атап айтқанда, клиент Halyk SuperApp қосымшасы арқылы SHANYRAQ салымын ашып, оны тұрақты түрде толықтырып отырады.
Бағдарлама аясында тұрғын үй несиесін алу үшін:
салымда кемінде 3 жыл қаражат жинау;
болашақ тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау;
бағалау көрсеткішін кемінде 16-ға жеткізу қажет.
Осы талаптар орындалғаннан кейін клиент жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталатын тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.
Несие мерзімі 10 жылға дейін беріледі. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең төменгі құны – 5 млн теңге.
Маңыздысы – несиені ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды. Сондықтан қаржыландыру шарттары басынан-ақ ашық әрі түсінікті болады.
Салым 36 айға теңгемен ашылады. Оған жылдық 2% сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ – 2,02%) ай сайынғы капиталдандырумен есептеледі.
Салым ашу үшін бар болғаны 5 000 теңге жеткілікті. Салымды қолданылу мерзімі бойы ешқандай шектеусіз толықтыруға болады.
Салымды Halyk SuperApp қосымшасында бірнеше минут ішінде онлайн ашуға болады.