2023 жылғы 24 мамырда энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысының жанармай мен сұйытылған газ жеткізушілерімен кездесті.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері көрші елдермен дизель отыны бағасының диспаритеті қысқарғаннан кейін БҚО-ға «бос» транзиттік жүк машиналарының келуі айтарлықтай қысқарғанын атап өтті, бұрын олар 1-2 тонна көлемінде жанармай құйып әкететін. Демек, отандық дизель отыны өңірде қалып отыр.

Сұйытылған газдың бөлінетін көлемі туралы айтатын болсақ, энергетика вице-министрі Асхат Хасенов елімізде сұйытылған газды тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқанын, бірақ оның өндірісі төмендегенін атап өтті.

2022 жылы сұйытылған газды тұтыну көлемі 400 мың тоннаға немесе 28% өсті.

Талқылау барысында АЖҚС иелерінің бірі қатысушылармен өз есептеулерімен бөлісті және соңғы жылы оның жанармай құю бекетінде төмен бағаларға байланысты сұйытылған газды өткізу 25%, ал бензинді өткізу 15% төмендегенін атап өтті.

Нарық субъектілері нарықтық баға белгілеу жағдайында мотор отыны ретінде сұйытылған газдың бөлшек бағасы АИ-92 маркалы бензин бағасынан 70%-ды құрауы тиіс деп қосты. Қазіргі уақыттағы ресми деректерге сүйенсек, отынның басқа маркаларымен салыстырғанда бағаның үлкен айырмашылығына байланысты қазақстандық автокөлік жүргізушілері машиналарды газға белсенді түрде ауыстырып жатыр.