Freedom Holding Литва, Чехия және Данияда өкілдік ашады

Freedom Holding Литва, Чехия және Данияда өкілдік ашады

Freedom Holding Литвада, Чехияда және Данияда өкілдіктерін ашу туралы шешім қабылдады.

Freedom Holding Corp. Еуропалық Одақ елдеріндегі қатысуын одан әрі кеңейтуді қалайды. Соңғы қаржы жылында (2023 жылдың 1 сәуірінен 2024 жылдың 31 наурызына дейін) Аустрияда, Нидерландта және Болгарияда, сондай-ақ Бельгия мен Италияда өкілдіктер ашылды.

Біз органикалық өсуді жалғастыруға, соның ішінде басқа елдердегі қатысуымызды кеңейтуге тырысамыз», — делінген холдингтің баяндамасында. 

«Біз Литвада, Чехияда және Данияда жаңа өкілдіктер ашуды жоспарлап отырмыз», — деді компания Frank Media сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар, топ бірігу мен қосылуды (M&A) жоққа шығармайды.

Біздің [жаңа бизнесті] алу стратегиямыз АҚШ нарығындағы қатысуымызды кеңейтуге бағытталған», — деді Freedom Holding баяндамасында. 

Компания M&A мәмілелерінің қандай нұсқалары қарастырылып жатқаны туралы түсініктеме бермеуді жөн көреді.