Freedom Holding Corp еншілес компанияларының несие рейтингі көтерілді

Freedom Holding Corp еншілес компанияларының несие рейтингі көтерілді

Халықаралық S&P Global Ratings агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-ның, Freedom Finance Global PLC-дің, Freedom Finance Europe Ltd-нің және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «В»-дан «В+»-ке дейін көтеріп, олардың қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В» деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB-»-тен до «kzBBB»-ға дейін көтерілді. Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.

«Біз баланстың өсуінің жоспарланған орташа қарқыны дереккөздер бойынша және географиялық тұрғыдан әртараптандырылған күшті кіріс көрсеткіштерімен бірге Freedom компанияларының капиталдандыру көрсеткіштерін қолдайды деп күтеміз. Топ әр түрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін көптеген еншілес компаниясы бар үлкен топқа қатысты өзінің жалпы тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйесін біртіндеп құруда», – деп атап өтті S&P Global Ratings есебінде.

Freedom Holding Corp компаниясының және оның негізгі операциялық еншілес компанияларының рейтингі бойынша «Тұрақты» болжамдар S&P-нің Қазақстандағы экономикалық және салалық тәуекелдердің төмендеуі және реттеуші органдар тарапынан қадағалаудың күшеюі аясында алдағы 12 айда олардың бизнес портфелінің және қаржылық көрсеткіштерінің тұрақтылығына қатысты болжамын көрсетеді. Бұдан басқа, топ тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесін күшейту бойынша қабылдайтын шаралар, сондай-ақ капиталдандыруды қолдауға тиіс өсудің жоспарлы орташақарқыны ескерілді.

Бұған дейін S&P Global Ratings «Freedom Finance Insurance СК» АҚ-тың рейтингін «В+»-тен «ВВ-»-ке дейін, «тұрақты» болжамы, ұлттық шкала бойынша «kzBBB+»-тен «kzA-»-ке дейін көтерді.