«Фридом Финанс» (Freedom Holding Corp.) 2025 жылы Түркия мен БАӘ брокерлік нарығына кіруді жоспарлап отыр, сонымен қатар АҚШ нарығына кіру мүмкіндігі де қарастырылуда, деді холдингтің басшысы Тимур Турлов.
«Осы мақсаттарға жыл сайынғы пайдамыздың 20-30 пайызын бөлеміз деп ойлаймын. Басқа елдерде бізде Қазақстандағыдай кең экожүйе болады деп болжау әлі қиын. Басқа нарықтарда біз модельді компания иелігінен гөрі серіктестікке көбірек саламыз», — деді Тимур Турлов.
Сонымен қатар, Freedom Bank Тәжікстандағы алғашқы шетелдік банк болуға дайындалуда. Америка Құрама Штаттарына келетін болсақ, америкалық қаржы секторының жоғары қанықтығына қарамастан, финтех онда нашар дамыған, сондықтан «біздің финтех компаниялары сияқты компаниялар үшін мүмкіндіктер бар», — деді Турлов.