Freedom Broker БАӘ нарығына кірді

Freedom Broker БАӘ нарығына кірді

Freedom Holding Corp. құрамына кіретін, 20-дан астам елде жұмыс істейтін америкалық жария халықаралық қаржы тобының еншілес құрылымы — Freedom Broker Global Markets — Abu Dhabi Global Market (ADGM) қаржылық қызметтерді реттеу басқармасынан брокерлік және оған ілеспе қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат алды, деп хабарлайды Freedom Holding Corp баспасөз қызметі.

Аталған лицензия топ үшін әлемдегі негізгі қаржы орталықтарының бірінде жаңа мүмкіндіктер ашып, Freedom Holding Corp.-тың аймақтағы стратегиялық қатысуын күшейтеді.

ADGM лицензиясы аясында Freedom Broker Global Markets брокерлік қызметті жүзеге асыру, кастодиандық сақтау және активтерді басқару қызметтерін көрсету, сондай-ақ инвестициялық кеңес беру және инвестициялық мәмілелерді жасауға жәрдемдесу құқығына ие болды. Мұндай кең ауқымды рұқсат етілген қызмет түрлері компанияға кешенді брокерлік және инвестициялық қызметтер көрсетуге ғана емес, сонымен қатар жергілікті капитал нарығының дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

ADGM қаржылық реттеушісінің бұл мақұлдауы Freedom Holding Corp. қызметіне деген жоғары сенімді растап, топ компанияларының халықаралық реттеу және комплаенс стандарттарына бейілдігін айқындайды.