ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алуға қатысты жауап берді

ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алуға қатысты жауап берді

ForteBank әлеуметтік желідегі Home Credit Bank-ті сатып алмақшы деген ақпаратқа ресми жауап берді. Төменде жауаптың мәтіні:

«Telegram арналарында және басқа да бірқатар ақпарат көздерінде Home Credit Bank (Қазақстан) сатып алу мүмкіндігі туралы болжамдар мен қауесеттердің пайда болғаны жөнінде хабарымыз бар. 

ForteBank нарықтағы қауесеттер мен спекуляцияларға қатысты пікір білдірмейтіндігін атап өткіміз келеді. Біз тек ресми әрі расталған ақпаратты ұсыну қағидасын ұстанамыз. 

Егер жариялайтын шешімдер қабылданса немесе маңызды корпоративтік жаңалықтар пайда болса, тиісті ақпарат банктың ресми арналары арқылы уақтылы жарияланатын болады — бұл заңнамалық және ішкі талаптарға толықтай сәйкес келеді», — делінген жауапта.