Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында ForteBank акционерлеріне 2024 жылға 102 млрд теңгеге жуық дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
Банктің 2024 жылғы таза табысының 63,6%-ы диаидегд ретінде берілсе, қалған 58,4 млрд теңгені банктің өзінде қалады.
Банк 2 мамырдан бастап дивиденд төлеуді бастайды.
ForteBank-тің ең ірі акционері – Болат Өтемұратов. Оған банктің орналастырылған акцияларының 90,91%-ы тиесілі. Өтемұратовтың үлесіне сәйкес, оның 92,7 млрд теңге дивиденд алуға құқығы бар. Банктің қалған акциялары миноритарлық акционерлерге тиесілі, олардың үлесі 9,3 млрд теңгені құрайды.