Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төраға орынбасарының 2025 жылғы 14 наурыздағы № Б-65 бұйрығына сәйкес, «First Heartland Securities» АҚ ерікті жүгінуіне байланысты «First Heartland Securities» АҚ берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған 2018 жылғы 27 наурыздағы № 3.1.1.224 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
«First Heartland Securities» АҚ Jusan Bank-тің бас компаниясы. Ақпанда бұл банкті Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким сатып алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтінім берген.
Осымен қатар, Jusan Bank «Қазақтелекомның» 8,1% акциясын сатты, бұл акция Telecom Systems Ltd компаниясына берілді; Ол Qazaq Stroy Group Ltd. құрылыс холдингінің иесі Нұрлан Артықбаевқа тиесілі.
Банк мәміленің детальдарын жарияламады, бірақ оның нарықтық шарттарда жасалғанын айтты. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Jusan Bank «Қазақтелекомның» 983,35 мың жай акциясына ие болған. 2024 жылдың төртінші тоқсанында бір бағалы қағаздың бағасы 36,7 мыңнан 44,25 мың теңгеге дейін болды. Осылайша, Jusan Bank 36,1 млрд теңгеден 43,5 млрд теңгеге дейін алуы мүмкін еді.
Бұдан бөлек, Jusan Mobile цифрлық мобильді операторымен ынтымақтастық туралы келісімнің тоқтатылуына байланысты «Jusan Mobile» тарифтік жоспарына қосылған барлық абоненттер 2025 жылғы 20 наурыздан бастап Tele2-ге ауысатыны хабарланған.
Jusan Mobile компаниясы Jusan Ventures және JV Holding Ltd арқылы Ғалымжан Есеновке тиесілі. Есенов сонымен қатар Jusan Bank акцияларының 97,53%-на (банк акцияларының 19,67%-ын тікелей және First Heartland Securities арқылы 77,86%) ие.
Тағы бір мән беретін мәселе, Нұрәлі Әлиевтің «Транстелеком» АҚ-дағы үлесін сатуы туралы мәлімдемесінен кейін осы компанияның директорлар кеңесі жаңартылды – оның құрамына Jusan Mobile (соңғы бенефициар Ғалымжан Есенов) өкілдері кірді.
Бұрынғы мүшелерден тек Дмитрий Покупатев қалды (ол директорлар кеңесінің төрағасы болды), жаңа мүшелер ретінде Unit Telecom Қайрат Балықбаев (бұрынғы сауда вице-министрі) және Андрей Марченко (Jusan Mobile директорлар кеңесінің төрағасы), сонымен қатар Jusan Mobile директорлар кеңесінің мүшесі Нұрлан Арын тәуелсіз директор ретінде кірді.