Еуразиялық банктің пайдасы мен активі құлдырап, қарызы көбейіп кетті

Еуразиялық банктің пайдасы мен активі құлдырап, қарызы көбейіп кетті

Еуразиялық банктің 2025 жылдың I тоқсанындағы таза пайдасы 15,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 57,5% аз (36,5 млрд теңге), делінген Қазақстан қор биржасындағы есепте.

Пайданың құлдырауында таза пайыздық табыстың 8,7 млрд теңгеге (18,3%) төмендеуі әсер етті. Бірінші тоқсандағы таза пайыздық табыс 38,7 млрд теңге. Пайданың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі сондай-ақ борыштық қаржылық активтердің құнсыздануынан болған шығындардың 10,4 млрд теңгеден 17,5 млрд теңгеге дейін артуы сеп болды.

Тоқсандағы таза комиссиялық табыс 6 млрд теңгеге (58,8%) төмендеп, 2,8 млрд теңгені құрады. Банк активтері өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 3,1 трлн теңгеден 2,9 трлн теңгеге дейін (6,4%) азайды. Несие портфелі 19 млрд теңгеге азайып, 1,47 трлн теңгені құрады.