2024 жылы қара жұмыспен айналысатын жұмысшылардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 0,8 пайыздық тармаққа өсіп, 7,1%-ға жетті. Бұл статистика бюросы мәліметтері бойынша кемінде 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Соңғы рет көрсеткіш сонау 2016 жылы төмендеген. Содан бері көрсеткіш алты рет өсіп, екі рет өзгеріссіз қалды. Осылайша, сегіз жыл ішінде өсім айтарлықтай 2,5 пайыздық тармақты құрады.
Қара жұмыс негізінен көлік және қойма саласында – 17,3%, сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,3% (тау-кен өнеркәсібі – 17,3%, өңдеу өнеркәсібі – 6,6%) салаларында жиі кездеседі. Өңірлер арасында Маңғыстау – 19%, Шығыс Қазақстан – 15,3%, Абай – 12,1% және Қарағанды облыстарында – 10% ең көп.
Қара жұмыс істейтін әйелдердің үлесі ерлердің үлесінен салыстыруға келмейтіндей аз – 2% 11%. Мұның бәрі ауыр жұмысқа тартылған ерлердің саны еселеп көп болғандықтан.