Eurasian Resources Group (ERG) Ауғанстандағы хром кен орындарын барлауға және игеруге, сол жерден кен орнын сатып алуға немесе ауғандық серіктестермен бірлескен кәсіпорын құруға қызығушылық танытуда. ERG жақын арада осы мақсатта далалық жұмыстарды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы вице-премьер-министр Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапарында белгілі болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстаннан өнеркәсіптік аквамаринді өңдеу үшін экспорттауға рұқсат беруді сұрады.
Аквамарин - бериллдің бір түрі. Оны соңғы жылдары бериллий шикізатына деген сұраныс айтарлықтай жоғары болып отырған Қазатомөнеркәсіптің Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) өңдеуге болады.
Бұдан бөлек, БАҚ хабарлауынша, Ауғанстаннан Қазақстанда өңдеу үшін 30 мың тонна мырыш кенін жөнелту туралы меморандумға қол қою жоспарланғаны жарияланды.