Электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 болды, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 данаға дейін өскен.
Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады.
Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 , автобус – 130.