Энергетика министрлігі «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады.

8 қазанда президенттің төрағалығымен макроэкономикалық теңгерімсіздік және инфляциялық тәуекелдер мәселелері бойынша кеңес өтіп, оның қорытындысы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылған болатын. Осыған орай, электр энергиясына арналған шекті тарифтердің өсуін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты, бұйрық жобасында 2026-2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді 2025 жылғы шекті тарифтер деңгейінде бекіту көзделген.

Бекітілген тарифтерді қолданысқа енгізу мерзімі – 2026 жылғы 1 қаңтар.

Жоба 2025 жылдың 17 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауда болады.