Елде алғашқы криптоайырбастау пункті ашылды

Ұлттық Банк криптоайырбастау пункті қызметін жүргізуге рұқсат беретін алғашқы лицензияны «Pax Finance» ЖШС-ға берді.

Бұл дегеніміз, компания криптовалютаны ресми түрде сатып алып, сатып, сақтай алады; бөлімшелер ашып, криптоматтар орната алады; Қазақстан заңына сәйкес қызмет көрсетеді.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығына қатысушыларды лицензиялау тәртібі күшіне енді. Лицензия алу немесе есепке тұру үшін Ұлттық Банкке өтініш беруге болады.