Дүкен, мейрамхана, шаштараздарға ҚҚС көтерілмейді

Дүкен, мейрамхана, шаштараздарға ҚҚС көтерілмейді

Ауладағы дүкендер, мейрамханалар мен шаштараздарға ҚҚС 20%-ға дейін көтерілмейді. Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті. Оның айтуынша, салық реформасы халыққа қызмет көрсететін және бөлшек сауда салығын төлейтіндерге әсер етпейді.

«Бөлшек саудада халықпен жұмыс істейтіндерге – аула дүкендері, дүңгіршектер, мейрамханалар, шаштараздар және т.б. – бұл реформаның оларға қатысы жоқ. Олар жылдық жиынтық табыс бойынша 2,3 млрд теңге лимитпен бөлшек сауда режимінде жұмыс істеді және 4% төледі, әрі қарай да төлейтін болады. Олар үшін ештеңе өзгермейді», — деді Жұманғарин.

Министр реформаның «әдейі бөлініп тасталған» бизнестің өте тар қабатына әсер ететінін айтты. Үкімет бөлшек сауда салығын сақтауды көздеп отыр. Бірақ бұл әкімдіктердің мөлшерлемені екі есе – 2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермекі мүмкін.