Қазақстан 2026 жылғы мамырда Германияға Дружба мұнай құбыры арқылы транзиттің тоқтауына байланысты 260 мың тонна мұнайды басқа бағытпен тасымалдайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі хабарлады.

Мұнай көлемі балама бағыттармен жіберіледі:

  • 100 мың тонна — Усть-Луга порты
  • 160 мың тонна — Каспий құбыр консорциумы арқылы

Министрлік мәліметінше, бұл — жоспарлы және операциялық сипатта, жүк жөнелтушілері келіскен.

Сонымен қатар, бағыттың өзгеруі жылдық мұнай өндіру жоспарына әсер етпейді. Қолданыстағы инфрақұрылым экспорттың тұрақтылығын және әлемдік нарықтарға жеткізілімдердің үздіксіздігін толық қамтамасыз етеді.

Естерікізге сала кетейік, Ресей Қазақстан мұнайын Германияға Дружба мұнай құбыры арқылы жеткізуді «техникалық себептерге» байланысты тоқтатқан.