Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 ақпанда сағат 11:00-де доллардың орташа бағамы 497,95 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде сағат 11:15-те америкалық валютаның максималды бағамы 506 теңге, Алматыда 508 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы 1 долларға 501,31 теңге. Теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы бір күн бұрынғы сауда қорытындысы бойынша белгіленді.