BCC Invest макроэкономикалық көрсеткіштерді бақылау және болжау бойынша ай сайынғы жұмыс аясында ел экономикасына сыртқы және ішкі факторлардың әсерін қадағалайды.
Қазақстан Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 2025 жылғы шілдеде айырбас бағамы орта есеппен 1 АҚШ долларына 528,81 теңге болды. 2025 жылғы қаңтардағы мәліметтермен салыстырғанда бағам 4,14 теңгеге немесе 0,8% әлсіреді.
2025 жылғы шілденің екінші жартысында USD/KZT айырбас бағамының динамикасына негізінен теріс факторлар әсер етіп, нәтижесінде бағам сәттік мәнде 1 АҚШ долларына 550 теңге деңгейіне дейін әлсіреді. Дегенмен, орташа айлық мәнде айырбас бағамының динамикасы болжамның базалық (ауытқу 9,7 теңге немесе 1,9%) және пессимистік (ауытқу 7,4 теңге немесе 1,4%) сценарийлерінің аясында қалды.
Айқын теріс факторлардың әсерінен сарапшылар алдағы 12 айға USD/KZT орташа айлық айырбас бағамының болжамын жаңартты.
2025 жылғы тамызда ұлттық валютаның орташа айлық деңгейі болжам бойынша:
- оптимистік сценарий — 1 АҚШ долларына 521,3 теңге;
- базалық сценарий — 1 АҚШ долларына 538,5 теңге;
- пессимистік сценарий — 1 АҚШ долларына 555,7 теңге.
Осылайша, базалық сценарий бойынша, шілде деңгейімен салыстырғанда тамызда ұлттық валютаның 9,7 теңгеге немесе 1,8% әлсіреуі күтіледі (басқа жағдайлар өзгеріссіз қалса). Бұл көбіне тамыздың басында айырбас бағамының 1 АҚШ долларына 543,24 теңге деңгейіне жетуіне байланысты.