Сәуірде базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалғаннан кейін банктер біртіндеп депозит пайызын сәл өсіре бастады. Төменде депозитке ең жоғары пайыз беретін банктер тізімі (ЖТСМ бойынша):

  • Еуразиялық банк — 3 ай — 20,53%
  • BNK Bank — 20,5%
  • Home Credit — 3 ай — 20,5%
  • ЦентрКредит Банкі — 3 ай — 20%
  • Kaspi Bank — 3 ай — 20%
  • Forte Bank — 3 ай — 20%
  • Bereke bank — 3 ай — 20%
  • Нұрбанк — 3 ай — 20%
  • Freedom Bank — 6 ай — 20%
  • Altyn Bank — 6 ай — 20%
  • KMF Bank — 6 ай — 20%
  • Заман-Банк — 36 ай — 20%
  • Halyk Bank — 19,5%.

Айта кетейік, жоғарыдағы пайыз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, яғни бір жыл сақтағандағы пайыз. 

Сонымен қатар, аталған пайыз жинақтаушы депозит пайызы, ақша алынбайды. Егер депозиттен кез келген уақытта ақша алатын болса, пайызы бұдан төмен болады.