Үкімет отырысы барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторларында оң динамика байқалып, өсім 5,3%-ды құрағанын хабарлады. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті.
Атап айтқанда, өсім өндіріс есебінен қамтамасыз етілді:
- Металлургия өнеркәсібі (+7,2%);
- Машина жасау (+6,9%);
- Химия (+8,4%);
- Дайын металл бұйымдары (+29,5%);
- Жиһаздар (+12,8%).
Құрылыс саласында да оң динамика байқалады. 11 айда жұмыс көлемі 6,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 10,3% жоғары. Есепті кезеңде 16,3 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 18 млн шаршы метр деңгейінде тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда.