2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «Банк Центркредит» АҚ (+39,1%), «Kcell» АҚ (+29,3%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+22,8%) индекстік компанияларының акциялары бағасының өсуі және «Эйр Астана» АҚ жай акцияларының KASE-дегі алғашқы жария ұсынысы (IPO) есебінен 28,3 трлн теңгеге дейін 6,7% немесе 1,8 трлн теңгеге ұлғайды  (2024 жылдың басынан бастап 5,7% өсті).  

Биыл ақпан айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Алтай Ресорсиз» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі және «Эйр Астана» АҚ IPO есебінен бір айда 6 есе немесе 70,6 млрд теңгеге ұлғайып, 84,4 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциясы болды.

2024 жылғы ақпанда KASE индексі  12,8%, 4 803,2 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 14,7% өсті).

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 45 түрлі акция, 11 ETF және 53 шетелдік эмитент болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі  бір айда 22,5%-ға немесе 507,1 млн теңгеге азайып, 2024 жылғы ақпанда 1,7 млрд теңгені құрады.