ЦентрКредит Банкі I тоқсанда 81,6 млрд теңге таза пайда тапты

ЦентрКредит Банкі I тоқсанда 81,6 млрд теңге таза пайда тапты

ЦентрКредит банкі 2025 жылдың I тоқсанында 81,6 млрд теңге таза пайда тапты, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы нәтижеден 81,6% артық, делінген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған есепте.

ЦКБ таза пайыздық табысы бір жыл бұрынғы 59,6 млрд теңгемен салыстырғанда (35,7% өсті) 80,9 млрд теңгені, ал таза комиссиялық табыс 10,1 млрд теңгені (0,4% азайды) құрады.

Соңғы бір жылда банк активі 2,2%, 7,1 трлн теңгеден 6,9 трлн теңгеге дейін азайды. Міндеттемелер де 3,3% азайып, 6,2 трлн теңгеге, капитал 8,4%- өсіп, 691,5 млрд теңгеге жетті.