ЦентрКредит банкі банкоматтарында АҚШ долларымен ақша алу, толықтыру және айырбастау операциялары уақытша қолжетімсіз екенін хабарлайды. Мұндай шешімнің себебі не болғаны айтылмаған.
«Бұл операциялар 2025 жылдың 31 қаңтарға дейін қайта іске қосылады деп жоспарлануда», — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, банк бұған дейін доллар сатуды және сатып алуды 15 қаңтарға дейін тоқтататынын хабарлаған.