«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше мамырда барлық типтегі 19 377 көлік құралдары өтті, атап айтқанда, 18 576 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, 801 жүк көлігі мен автобус иесін тапқан. Бұл былтырғы мамырмен салыстырғанда 51,4% жоғары көрсеткіш (12 796). 2025 жылдың 5 айында (қаңтар-мамыр) 85 467 көлік сатылды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі нәтижеден 28,7% артық (66 401).
«2025 жылдың мамыры оң серпіннің сақталғанын көрсетті: дилерлер банктермен күш біріктіріп, жаңа автокөліктерді адамдар үшін қолжетімді жағдай жасап жасауда. Бұл үрдіс тұтынушылар тарапынан қолдау тауып, нарық қатысушыларының маркетингтік белсенділігімен бірге сұранысты арттырды. Осы факторлардың ықпалымен биыл алғашқы 5 айда сауда шамамен үштен бір есеге өсті деуге негіз бар. Жалпы, бұл ұлттық нарық үшін жақсы көрсеткіш. Қаңтар мен мамыр арасындағы бір автомобильдің орташа құны 15,9 млн теңге шамасында. Былтырғы баға да осыған жақын, тек ол кезде орташа чек 16,1 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ел тұрғындары заманауи, технологиялы модельдерге көп қызығатынын байқап отырмыз. Біздің болжам бойынша бұл тренд жыл аяғына дейін сақталады және 2025 жылды қорытындылаған кезде сауда көлемі тарихи межеге жетуі мүмкін», — дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
Ең көп өткен 10 автомобиль арасында әдеттегідей Hyundai (4 004; былтырғы мамырмен салыстырғанда +66,3%) көш бастады. Chevrolet әлі екінші орында (2 344; +74,3%), ал үштікті түйіндеген Kia-ның 2 004 моделі өтті (+5,3%). Биыл алғаш рет төртінші сатыға жайғасқан Changan (1 526; +124,7%) маркасы 1 367 көлігі өткен Chery-ді ығыстырды (+47,1%). Одан бөлек тізімде Jetour (1 278; +92,5%), Haval (1 141; +92,7%), Geely (1 009; +124,2%), Toyota (812; +42,2%) және Jac (794; -22,8%) бар.
Көктемнің соңғы айында сұраныс жоғары болған модельдер ішінде Chevrolet Cobalt (1 869) бірінші орын алды. Одан кейін Hyundai Tucson (1 554) мен Kia Sportage (995) тұр. Төртінші саты Changan CS55 Plus моделіне бұйырды (864). Бесінші қатарға Hyundai Mufasa (581) орналасты. Сонымен қатар тізімге Chery Tiggo 2 (566), Haval M6 (553), Hyundai Santa Fe (506), Jetour X50 (455) және Hyundai Elantra (445) кірді.
Алғашқы бес ай қорытындысы бойынша Hyundai (20 102; +36,5%) ешкімге дес берер емес. 11 078 автомобилі өткен Chevrolet екінші жүлдеге ие болды (+79,9%). Үшінші орынды Kia (9 116; +6,7%) алды. Chery дилерлері 5 898 машинаның кілтін тапсырды. Үздік бестікке енген соңғы бренд Jetour – (5 749; +78,2%).