Changan сатылымы жағынан көшбасшылар қатарына қосылды

Changan сатылымы жағынан көшбасшылар қатарына қосылды

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» дерегінше 2026 жылғы маусымда ресми дилерлер 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл былтырғы маусыммен (19 426) салыстырғанда 12,5% көп. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 105 886 автокөлік сатылып, өткен жылғы ұқсас кезеңдегі рекордтық нәтижені (+0,9%, 104 953) қайталады.

Рекорд тіркелген екі жылдан кейін нарықтың өсу ырғағы бәсеңдегеніне қарамастан жаңа автокөліктере сұраныс бұрынғыдай жоғары болып қалды. Дегенмен брендтер арасындағы бәсекелестік кәдімгідей артып барады, жаңа ойыншылар бүкіл сегментте орнын бекітуін жалғастырып жатыр.

Маусым қорытындысы бойынша Chevrolet көшбасшы атанды, дилерлер  3 117 автокөлік сатқан (+39,9%). Екінші орынға 3 034 автокөлігі өткен Hyundai жайғасты (-26,0%). Үшінші орынға 2 565 автокөлігі сатылып, саудасы екі есе өскен Changan көтерілді (+121,5%). Одан кейін Chery (1 996; +40,9%) және Haval (1 677; +63,8%) орналасты.

Алғашқы ондыққа тағы JAC (1 600; +87,8%), Kia (1 422; -35,5%), Jetour (1 230; -17,6%), Toyota (964; +13,5%) және Geely (692; -10,5%) кірді.

Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан нарығында 17 586 автокөлік нәтижесімен Chevrolet үздік атанды (+32,2%), Hyundai 17 247 автокөлік (-28,6%) сатты. Kia 12 332 автокөлігін саудалап, үшінші орыннан көрінді (+8,9%). Жылдың басты жаңалығы – 9 471 автокөлік өткізіп, саудасын бірден 89,2% ұлғайтқан Changan. Бұл брендтің төртінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Алғашқы бестікті 8 143 автокөлік нәтижесімен Chery түйіндеді. Содан кейін Haval (6 730; +16,2%), Jetour (5 774; -20,3%), JAC (4 745; +0,4%), Toyota (3 997; -12,3%) және Geely (2 926; -44,5%) тұр.

Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt көптеп өткен, алғашқы жартыжылдықта оның саудасы 16 370 автокөлікке жетті. Екінші орынға Hyundai Tucson (8 601) орналасса, Kia Sportage үшінші  болды (5 200).

Сонымен қатар тізімде Changan CS55 Plus (4 017), Hyundai Mufasa (3 119), Haval Jolion (2 836), Changan CS35 Max (2 706), Chery Tiggo 2 (2 585), Haval M6 (2 396) және Chery Tiggo 7 (2 393) бар.