Былтыр туризмге 947,5 млрд теңге инвестиция салынды

Былтыр туризмге 947,5 млрд теңге инвестиция салынды

2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген аймақтар:

  • Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);
  • Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);
  • Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);
  • Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);
  • Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).