Былтыр мемлекеттік пропаганда мен ғылыми ақпаратқа 79,4 млрд теңге бөлінді

Былтыр мемлекеттік пропаганда мен ғылыми ақпаратқа 79,4 млрд теңге бөлінді

Былтыр мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жұмсалған шығын Қазақстанның республикалық бюджетінің барлық шығынының 1,2%-ын құрады (2022 жылы 1,4%), деп хабарлайды economy телеграм арнасы.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жұмсалған шығын сомасы 2023 жылы 7,7%, 259,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2022 жылы 240,8 млрд теңге).

Шығынның осы түрінің көп бөлігі – 2023 жылы 40,7%-і спортқа (жоғары жетістіктер спортын дамыту, бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау), 30,6%-і (79,4 млрд теңге) – ақпараттық кеңістікке (мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және т.б.), 20,8%-і – мәдениет саласындағы қызметке (мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен дәріптеу және архив ісін іске асырудың тиімділігін арттыру, ономастикалық және геральдикалық қызметті дамыту), 6,7%-і – мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтерге (мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру және т.б.), 1,2%-і – туризмге (ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық әрі ішкі нарықта ілгерілету, Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру, туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру) бөлінді. 

2023 жылы жергілікті бюджеттердің шығыны құрылымында мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жұмсалған шығын 4,9% құрады (2022 жылы 4,8%). Абсолюттік мәнде шығынның осы түрінің сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 26,7%ұлғайды және 2023 жылы 629,8 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 497,1 млрд теңге).

Былтыр шығынның ең көп үлесі Алматы қаласына – 10,5% (2022 жылы да соншалықты), Түркістан қаласына – 8,6% (2022 жылы 10,4%) және Қарағанды облысына – 7,7% (2022 жылы 7,4%) тиесілі болды. Ең аз үлес Ұлытау облысында – 1,8% (2022 жылы 1,1%) және Абай облысында – 2,6% (2022 жылы 2,1%) тіркелді.