Былтыр 171,6 млрд теңгенің фармацевтика өнімдері өндірілді

Былтыр 171,6 млрд теңгенің фармацевтика өнімдері өндірілді

Қазақстанда фармацевтика өнімін өндіру көлемі 171,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды статбюро.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісінің көлемі құндық шамада 171,6 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8% артты.

Дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі нақты мәнде 33,2% өсіп, 167,3 млрд теңгені құрады (2023 жылдың қаңтар-желтоқсанда – 125,6 млрд теңге). Өзге фармацевтикалық препараттар өндірісі 13,3% өсіп, 13,1 млрд теңге болды (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 11,6 млрд теңге).

Қазіргі уақытта Қазақстанда фармацевтика өнімдерін 10 кәсіпорын шығарады.