2024 жылы Қазақстанға жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, әр түрлі туристік мақсатта саяхаттаған 15,3 млн шетелдік қонақ келген.
Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір тәуліктен артық болды, бұл оларды шетелдік туристер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Ресми статистикаға сәйкес, олардың 2024 жылы Қазақстанда болуының орташа ұзақтығы 4 күн болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлттық банктің мәліметтері бойынша алыс шет елдерден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 доллар жұмсайды. 2024 жылы елдегі шетелдік туристердің жалпы шығыстары 1,2 трлн теңгеден асты», — делінген хабарламада.